Сериков С.Ж.

Негізгі қызмет бағыттары омыртқа және тірек-қимыл аппаратының патологияларымен байланысты.
Оларға мыналар жатады: әртүрлі этиологиядағы омыртқа деформациялары (сколиоз, кифоз, омыртқаның туа біткен даму аномалиялары, дене қалпының бұзылуы).
Омыртқаның дегенеративті аурулары аясындағы арқа аурулары (омыртқааралық дискінің жарығы және протрузиясы, омыртқа-қимыл сегменттерінің тұрақсыздығы, остеохондроз, спондилоартроз).

Білімі:

2013
Қарағанды мемлекеттік медицина университетін бітірді, 2015 жылы сол университетте «Хирургия» мамандығы бойынша интернатурадан өтті.

2018
«Астана медицина университеті» АҚ-да «Травматология және ортопедия, оның ішінде балалар травматологиясы» мамандығы бойынша ҰҒИТО базасында резидентурада білім алды.
11 ғылыми жарияланымның, 1 монографияның және ҚР 1 патентінің авторы.

Қосымша білім:

2022
Чебоксары қаласында Приволжск федералдық округінің травматолог-ортопедтерінің 2-съезінде «Ірі буындарды эндопротездеудің өзекті мәселелері» тақырыбында оқудан өтті

2023
«Омыртқа патологиясын емдеудегі заманауи үрдістер» тақырыбындағы республикалық ғылыми-білім беру семинарында оқудан өтті

2023
UZMISS 2023 конференциясында «Spinal Stenoscopic Surgery» тақырыбында оқудан өтті

2023
ФГБУ «Г.И. Турнер атындағы балалар травматологиясы және ортопедиясының Ұлттық медициналық зерттеу орталығында» «Омыртқа аурулары мен зақымданулары бар балаларды диагностикалау және емдеудің негізгі қағидаттары» тақырыбында біліктілігін арттырды

2024
Санкт-Петербург қаласындағы ФГБУ «Г.И. Турнер атындағы балалар травматологиясы және ортопедиясының Ұлттық медициналық зерттеу орталығында» «Омыртқа патологиясы және нейрохирургия бөлімінің жұмысымен танысу» тақырыбында біліктілігін арттырды

2025
Ресей хирургтер қауымдастығында «Ересектердегі омыртқа деформациясы. Операция жасауға болмайды, консервативті емдеу қажет. Омыртқаны динамикалық түзету» тақырыбындағы кавер-курсқа қатысты.

Дипломдар мен сертификаттар