Сүйек, буын және жұмсақ тіндер жарақатын диагностикалау және емдеуден тұрады. Маман сүйек сынуы ,буынның шығуы және де спорттық жарақаттардан кейінгі реабилитациялық шараларды жоспарлауға көмектеседі
Спорттық , тұрмыстық жарақаттан және операциядан кейінгі реабилитацияны жүргізеді . Маман әр пациентке өзіндік ерекшелігіне байланысты ЕДШ, массаж және физиотерапияны қолдана отырып емдік жоспарын ұсынады
Қол буындары терапиясы реабилитацияның қол сүйектері мен буындарымен жұмыс жасайтын бөлімі. Маман қол, білезік және саусақ бөлімдерінің жіті және созылмалы ауруларынан кейінгі оңалтумен жұмыс жасайды
Медициналық реабилитациядағы жетекші әдіс. Реабилитациялық арнайы жаттығулар жарақаттар мен операциядан кейін тез айығуға көмектеседі
Биік тау бөктеріндегі жаттығулар сізге ауыр спорттық жүктеме алғанда сонымен қатар операциядан кейін спортқа қайта оралуға көмектеседі
Әртүрлі электромагниттік параметрлердің үздіксіз импульс режиміндегі электр тоғының әсері.
Айнымалы төмен жиілікті әрі тұрақты магнит өрісімен емдеу.
Жоғары жиілікті ультрадыбыстық толқындар (механикалық тербеліс) қолданылады. Бұл әдіс механикалық сипаттағы емдік факторлардың бір түрі (оларға массаж, вибрация жатады).
Лазерлі терапия — дәрісіз емдеу әдісі ішінде орны бөлек терапия. Ем адам ағзасына биостимуляция арқылы әсер етеді.
Қысқа толқынды диатермия (UHF) терапиясы физиотерапия мен хирургияда көп тараған электротерапиялық әдіс.
Оттегі терапиясын қандағы оттегіні қалпына келтіру үшін пайдаланады. Оттегі жетіспесе адамның жұмыс істеу қабілеті әлсіреп, көптеген ауруды туғызады.
Соққылы –толқынды терапиясы – толқындық вибрация күші арқылы емдеу әдісі.
Белсенді жасушалық терапия құрылғысы қабыну мен ауырсынуды басып, биостимуляция мен микро қан айналымын жақсартып, метоболизмді арттырады.
Мануалды терапия омыртқа мен буын қозғалысын жақсартуға , бұлшықеттің спазмы мен ауырсынуын басуға бағытталған әдіс. Мамандарымыз денсаулығыңызды жақсарту үшін буындар мен жұмсақ тіндерді ауытпастан жұмсақ мануалды әдістерді пайдаланады.
Бұлшықеттің құрысуын жеңілдетуге , қан айналымының жақсаруына арналған тиімді процедура
Емдік реабилитациялық ,профилактика және эстетикалық әсері бар процедуралар
Буын және жұмсақ тіндердің ісінуін басуға , қан айналымын жақсартуға және иммунды жүйені арттыруға көмектесетін төмен температуралы физиотерапия түрі
Қан айналымын жақсартуға , қол және аяқтағы ісінуді басуға ,иммундық жүйені арттыруға және тері тургорын жаұсартуға арналған лимфодренажды аппарат
Омыртқа жотасының аурулары : грыжа, протрузия, спондилоартроз, артроз және сколиоз кезінде негізгі қолданылатын әдіс
Инемен шаншу әдісі бұлшықеттік спазымды, ауырсынуды азайтуға , бұлшықеттік дизбалансты дұрыстауда таптырмас әдіс
Бұлшықеттер мен буындарға көмекші құрал ретінде, жұмсақ тіндердегі гематома мен ісінуді азайтуға , қан айнымды жақсартып, қабынуды басуға көмектеседі
Бұл әдістеме арнайы аспалы құрылғылармен бұлшықеттерді белсендіруге, тепе-тендікті жақсартуға және буындар қозғалысын қайта қалыпқа келтіруге көмектеседі. Жарақаттан кейінгі реабилитация және жарақаттың алдын алу мақсатында қолданылады